Коронавирусты әлем бойынша 169 мыңнан астам адам жұқтырып, оның 6500-ден астамы көз жұмды, деп хабарлады Сnn.
Жексенбіде Қытайда вирустың 16 жаңа жағдайы расталған және 14 адамның қайтыс болғаны анықталды. Елде тіркелген инфекцияға шалдығушылардың жалпы саны 80 860-қа жетті.
Франция ұлттық денсаулық сақтау агенттігі басшысының мәліметінше, елде коронавирустан 300-ге жуық пациент зардап шеккен, олардың орташа жасы – 60. Қазіргі таңда елдегі мейрамханалар, кафелер, кинотеатрлар мен клубтарды жауып тастады, сондай-ақ кең көлемдегі жиналыстарды өткізуге тыйым салынған.
15 наурыздағы дерек бойынша Италияда 24 сағат ішінде 368 адамның қайтыс болғаны хабарланды. Жалпы мұнда көз жұмғандар саны 1809-ға жеткен. Азаматтық қорғаныс департаментінің мәліметінше, вирустан ауырғандардың жалпы саны 24 747 болған, 24 сағат ішінде 3590 жаңа жағдай тіркелген.
АҚШ-та соңғы тәулікте кем дегенде 3485 оқиға тіркеліп, олардың 65-і өліммен аяқталды. АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс "жаңа нұсқаулар дүйсенбіде шығады, мәселен мейрамханалар сияқты орындар жабылатын болады" деп айтты. Вирус таралмауы үшін АҚШ-та бірнеше штат пен қала жабылды.
Пікір қалдыру