Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады

/image/2020/03/17/crop-70_12_581x774_2ae28550bfa64d59e00fd2ea0ff61e59.900.jpg

Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен спорт нысандары бір жылға салықтан босатылады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында хабарлады. 

"Арнайы салық режимдері бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлердің кірістері осы жылдың басынан бастап салықтан босатылғанын атап өткен жөн. Жалпыға бірдей белгіленген режимді пайдаланатын кәсіпкерлерді қолдауға болады деп санаймыз.
Кеше Мемлекет басшысы телевизия арқылы жасалған үндеуінде атап өткендей, кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға кем дегенде 300 миллиард теңге бөлінетін болады. Несиелерді субсидиялау және салықтық ынталандыруларды беру мәселелері қосымша пысықталды, сондай-ақ "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы шеңберінде 400 млрд теңгеге дейін қосымша теңгедегі өтімділік берілетін болады. Қызметтік белсенділікті сақтаудан басқа 160 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Жалпы, аталған жедел шаралар еңбек нарығына және экономикаға тұрақтандыру әсерін береді" деді Руслан Дәленов. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар