Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 14 адам анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
– Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаймыз. Олардың барлығы карантинге жатқызылды, диагноз расталды. Олармен байланыста болған адамдардың барлығы оқшауланып, карантинге жатқызылып жатыр, – деді министр Біртанов.
Осы сағатта Алматы қаласында 11 адамда, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 16 адамда, жалпы 27 науқаста коронавирус анықталды.
Пікір қалдыру