Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен ауырып жатқан науқастарды емдейтін дәрігерлерге алғысын білдірді.
– Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды, – деді Тоқаев twitter-дегі жазбасында.
Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 17, 2020
Пікір қалдыру