Алматыда таяуда коронавирус жұқтырып, ем алып жатқан 2 жасар қыздың анасынан да вирус табылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевты хабарлады.
– Дене қызуы жоқ. Ауру белгілері (симптомдары) байқалмайды. 2 жастағы қыз анасымен бірге жатыр. Анасынан да коронавирус жұқпасы табылды. Олар қаладағы балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Жағдайы тұрақты. Жалпы Алматыда тіркелген 17 науқастың да жағдайы қанағаттанарлық, – деді Әбілдаев.
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, бүгін коронавирус жұқтырған 2 баланың жағдайы бірқалыпты.
Пікір қалдыру