Карантин кезінде қалаға кіріп-шығатын жолаушылардың қызуы тексеріледі

/image/2020/03/18/crop-226_84_576x838_whatsapp-image-2020-03-18-at-12.58.57.jpeg

Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов карантин режимі кезінде қалаға кіріп-шығатын азаматтар коронавирус0а тексерілетінін айтты.

Алматының барлық кіреберісіне және 10 магистраль бойынша 27 блок-пост қойылады. Ол жерлерге полиция қызметкерлері мен қорғаныс министрлігінің жауынгерлері жұмылдырылады.

Әр блок-постта санитарлық қызмет мамандары болады. Олар қалаға кіріп-шығатын көліктердегі жолаушыларды тексеріп, коронавирустың алғашқы белгілері бар-жоғын анықтайды. Дене қызуы байқалған жолаушылар келген мекенжайы бойынша дәрігерге қаралуы үшін қайтарылады.

Азаматтар өздерін толғандырған сауалдар бойынша арнайы телефон желісі – 8727 254 40 07 номеріне хабарласа алады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар