Алматыда медициналық маска бағасы реттелді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлімдеді.
– Маскаларға белгіленген осы бағаларды қатаң бақылаймыз. Ассоциация арқылы логистикасы жақсы 48 дәріхана анықталды. Күніне 80 мың маска жеткізіп отырамыз. Бүгін 50 мың маска жеткіздік. Қазір әкімдік төртжақты келісім жасасты. Өндіруші "Дольче фарм" компаниясы, әкімдік, фармацевтикалық бақылау департаменті, дәріханалар желісі маскаларды өндіру мен жеткізу, баға саясаты бойынша уағдаластыққа келді. Енді 3 қабатты маска – 87 теңгеден, көмір фильтрі бар маска – 111 теңгеден сатылатын болды. "Дольче фарм" компаниясы қазір екінші өндіріс желісін іске қосты. Маска саудасы дәріханалардағы камера арқылы бақыланады, – деді қала әкімінің орынбасары.
Пікір қалдыру