Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 7 адам вирус анықталған науқастармен байланыста болған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді.
– Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған тағы 7 науқас 25-52 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары. Олардың бұған дейін вирус анықталған науқастармен байланысты болған. Қазір оларды стационарда карантинге жатқызды. Қажетті ем шараларын алып жатыр. Жағдайлары жақсы, – деді Ахметшәріп.
Пікір қалдыру