"Жұмысқа баруым керек еді". Алматы-Талғар тасжолына қойылған блокбекеттегі ахуал (фоторепортаж)

/image/2020/03/19/crop-13_140_697x1239_135449909700.jpg

Коронавирусқа байланысты карантинге жабылған Алматы қаласының басқа облыстарға қатынайтын жолдарына қойылған 27 блокбекет 19 наурыз сағат 00.00-де жұмысын бастады. Қазір арнайы блокбекеттерде қалаға кірушілер мен шығушыларды қатаң тексеріп жатыр. Қамшы тілшісі Алматыға жақын орналасқан, бірақ қалаға емес, Алматы облысына қарайтын Талғар ауданына апаратын негізгі жолға қойылған блокбекеттегі ахуалды көріп қайтты.

Алматыға Құлжа тасжолынан келе жатқан автокөліктер кіре алатын қуыс жолдардың біріне қойылған блокбекетте жол толықтай жабылған. Бұл жолдан автокөліктерді де, адамдарды да өткізбейді. Жол үстіне бетондар қойылып, полиция қызметкерлері келген адамдарды қайтарып жатыр. 

вап

выап

 

Ал Талғар тасжолына апаратын негізгі жолда жағдай қарбалас. Мұнда қалаға кіруге де, қаладан шығуға да асыққандар көп. Қаладан шығатын көліктер мен адамдарға тыйым салынбағанымен, кіргісі келгендерді қатаң тексеріп жатыр. Алматыға қарай тек қалада тіркелген, бірақ белгілі себептермен карантин басталғанда қала сыртында қалған адамдар ғана кіргізіліп жатыр. Ал Алматыда жұмыс істейтін, бірақ қалаға емес, Алматы облысына қарайтын ауданында тұратындарды блокбекеттен жібермей тұр. Қалаға кіруге кезекте тұрғандардың көбісі сондай адамдар. 

вапрАлматыдан шығып бара жатқан көліктер

авпАлматыдан шығып бара жатқан адамдар

ыапПолицияның тексеруінен кейін Алматыға кіргізіліп жатқан көліктераБлокбекетте тұрған әскери техника

укБлокбекеттегі жағдайды полиция мен арнайы жасақ өкілдері бақылап тұр

парАлматыға кіру үшін кезекте тұрған адамдардың құжатын әкімдік өкілдері тексеріп жатыр

воҚалаға кіруге асыққандардың көбі "Жұмысқа баруым керек еді" дегенді айтады

пр

ми

пр

апр

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар