Коронавирусқа байланысты Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 19 наурыздан бастап карантин жарияланды. Кеше, 18 наруызда Алматы әкімдігі қала ішінде адамдардың ары-бері жүруіне тыйым салынбайтын, саябақтар ашық тұратын айтты. Қамшы тілшісі Алматыдағы "28 гвардиялық панфиловшылар атындағы паркте" болып, карантин кезіндегі ахуылды көріп қайтты.
Жай күндері адам көп жүретін бұл саябақта бүгін өлі тыныштық. Тек қыдырып жүрген бірең-сараң адам ғана байқалады. Парк ішінде жеке кәсіппен айналысатындардың айтуынша, бүгін саябаққа келушілер күрт азайғандықтан, ойыншық көліктерді жалға алып жатқан ешкім жоқ.
Парк маңындағы кафелер мен ойын-сауық орталықтары түгелдей жабық тұр. Саябақты полиция қызметкерлері бақылап жүр.
Пікір қалдыру