"Қайтыс болғандар жоқ": коронавирус жұқтырған тағы бес адам анықталды

/image/2020/03/20/crop-19_0_158x281_bez-nazvaniya-3.jpg

Қазақсанда коронавирус індетін жұқтырған тағы бес адам анықталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп арнайы брифинг кезінде жеткізді.

«Оның екеуі Қарағанды қаласында - 1972 және 1971 жылғы туған Қазақстан азаматтары. Екеуі де №0324 Минск-Қарағанды рейсімен ұшып келген болатын», - деді ресми өкіл.

Диас Ахметшәріптің айтуынша, Алматы қаласында тағы үш адам өткір дертті жұқтырғаны анықталған. Біреуі 1979 жылғы әйел адам, Берлин қаласынан ұшып келген. Екінші азамат 1997 жылғы ер адам, Франциядан ұшып келген. Соңғысы 1982 жылғы әйел адам.

«Осы сағатта (Наурыздың 22 жұлдызы, сағат 08:30 меңзеледі – ред.) Алматыда – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам. Республика аумағында барлығы 49 науқас тіркеліп отыр. Олардың арасында қайтыс болғандар жоқ» , - деді Диас Ахметшәріп.



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар