Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі дерегіне сүйеніп хабарлайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, Алматы облысында өткір дерт жұқтырды делінген адам Меккеден Ыстанбұл арқылы ұшып келген.
«Соңғы ақпарат бойынша, коронавирус Талдықорғанда тіркелді деген хабарлама таралып жатыр. Алматы облысында аталған вирус бір адамнан анықталды. Бірақ бұл жағдай Талдықорғанда емес, Қарасай ауданында тіркелді. Қазір 1986 жылғы науқас Қаскелеңдегі инфекциялық ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты. Қазір вирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандардың барлығы анықталды. Тиісті шаралар атқарылуда. Ал коронавирус жұқтырған адам біздегі мәлімет бойынша Меккеден Ыстанбұл арқылы ұшып келген», - деді облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.
Пікір қалдыру