Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі елде тағы бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Ведомство таратқан хабарламада вирус жұқтырған адам Нұр-Сұлтанда тіркелгені айтылған.
Осылайша елде індет жұқтырған азаматтар саны 54-ке жетіп отыр. Бұған дейін Нұр-Сұлтанда – 28 адам, Алматыда – 22 адам, Қарағандыда – 2 адам, Алматы облысында 1 адам емделіп жатқан болатын.
Қазақстанда Covid-19 коронавирусын жұқтырғандар алғаш рет 13 наурызда анықталған. Кейін, 15 наурызда – вирус жұқтырғандар саны сегіз адамға жеткенде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елде 16 наурыз таңғы сегізден 15 сәуір таңғы жетіге дейін төтенше жағдай жарияланған болатын. Ал 19 наурыздан бастап елдің екі ірі қаласы – Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды.
Пікір қалдыру