Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новести дерегін негіз етіп хабарлайды.
Дереккөз мәліметінше, Қазір елде 5120 адам емделуде. Соңғы деректерге бойынша, Қытайда жалпы коронавирусқа шалдыққандар саны 81 мың адамға жеткен. Оның 72,7 мыңы ауруханадан жазылып шыққан.
Алғашқы коронавирус ошағы саналатын Хубэйде 67800 адам вирус жұқтырып, оның 3153-і қайтыс болған. Өлім-жітім деңгейі 4,65 пайызды көрсеткен.
Ал қытайда өткір дерт басталғалы (Хубэй провинциясын қоспағанда) 13 293 адамның ауруға шалдығып, 117 науқастың көз жұмған. Сәйкесінше өлім-жітім деңгейі 0,88 пайыз делінген.
Нәтижесінде Қытай "құрсауы" атанған қатаң карантин тәртібі жұмсара түскен. Мәселен, Шанхай билігі COVID-19 вирусына байланысты жарияланған Төтенше жағдайдың ең жоғарғы деңгейін төмендеткен.
Пікір қалдыру