Қостанайда жол көлік оқиғасы тіркелді. Темір тұлпар тізгіншісі жаяу жүргінші жолағындағы 23-жасар қызды қағып кетті.Бұл туралы «Қамшы» сайты «Қостанай таңына» сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оқиға Герцен көшесіндегі «Өрт сөндіру Депосы» аялдамасы маңында болды. «Ауди» автокөлігін жүргізіп келе жатқан 43 жастағы азамат «теңбіл өткел» үстімен қаннен-қаперсіз өтіп бара жатқан қызды соғып кетті. Жәбірленушінің тобығы омырылып, басынан қатты жарақат алып, миына зақым келген. Қазіргікезде ол қалалық ауруханада ем қабылдап жатыр. Ал жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды