Нұр-Сұлтанда алғаш рет онлайн той өткізілді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv. дерегіне сүйеніп.
Дереккөз мәлімдегендей, жас жұбайлар елімізде алғаш рет ата-анасынан бейнеқоңырау арқылы ақ бата алған. Оның үстіне, некесін онлайн қиған Азамат пен Әсел маңызды рәсімді Ұлыстың ұлы күніне орай жоспарлаған.
Дәлірек айтқанда, бастапқы шешім бойынша құдалық пен ұзату, неке қию Арыс қаласында 22 наурызда өтеді деп күтілген.
Той иесі Азамат Асқарұлы елдегі жағдайға байланысты әуелде не істерін білмей қалғанын жеткізген.
"Әрине, қыз ұзату болмайды, тек құдаласу болады Алла бұйыртса. Осы дерттен аман шықсақ, екі жақтың танысуы болады. Оның бәрі алда. Біздің ниетіміз бен жоспарымыз бойынша неке қию Арыс қаласында өтуі керек болған. Бірақ бәрі осы жақта болды. Оның барлығын жұбайымның ата-анасы, әпкелеріміз телефон арқылы хабарласып, сырға салудың барлығын үстел барысында барлығын көрсетті", – деді Әсел Әбдімәлікқызы.
Ал жас жұбайлардың туған-туыстары мен жақындары жылы сөздер мен тілектерін әлеуметтік желілер арқылы және бейнеқоңыраулар арқылы жеткізіп, онлайн құттықтаған.
Елдегі жағдайға түсіністікпен қараған екі жастың туыстары жазға дейін жағдай түзеледі деп үміттенеді.
Пікір қалдыру