Биылғы 24 шілдеде басталуы керек болған Токио жазғы олимпиадасы коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылдың жазына шегерілді, деп жазады bbc.com.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абе халықаралық олимпиада комитетіне ойындарды бір жылға шегеруге өтініш білдірген. Оны комитет төрағасы Томас Бах мақұлдаған.
– Бұл шешім спортшыларға қолайлы жағдайда сынға түсуге мүмкіндік берсе, жанкүйерлер қауіпсіз жағдайда ойынды тамашалай алады, – деді жапон премьері.
Бұған дейін бірқатар ел жазғы олимпиада биыл өтетін болса, спортшыларын Токиоға жіберейтінін мәлім еткен.
Осылайша, олимпиада ойындары тұңғыш рет шегеріліп отыр.
Пікір қалдыру