Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Facebook-тегі парақшасында жарияланды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Төтенше жағдайдың ұзартылуы коронавирус инфекциясының Қазақстандағы эпидемиялогиялық жағдайға тікелей байланысты. 15 сәуірге дейін ауруға шалдығудың жолын кесеміз деп үміттенеміз. Осы кезде жағдай түзеледі", - деді Біртанов.
Осылайша, "үміттенетіндерін" жеткізген Біртанов бұл тақырыпты мемлекеттік комиссия отырысы кезінде де күн сайын талқылайтындарын айтуды ұмытпаған.
"Мемлекеттік комиссия отырысы кезінде біз бұл тақырыпты күн сайын талқылаймыз. Әрине, егер мәселе одан әрі ушықса, керісінше, төтенше жағдайды ұзартамыз", - дейді ол.
Оқи отырыңыз: Хантавирус: Қытайда пайда болған жаңа ауыру бір адамның өмірін қиды
Пікір қалдыру