Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында жалған ақпарат бойынша арнайы қызметкерді шақырған ер адам ұсталды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
Өскемен қаласының тұрғыны операторға жақында Тайландтан келгенін және бірнеше күн бойы өзінен ЖРВИ белгілерін байқағанын айтқан.
Жедел келген мамандар 39 жастағы ер адамның вирустық инфекция симптомдары жоғын анықтады. Алайда ол мас күйде болған. Полиция қызметкерлері ер адамның шетелге шықпағанын анықтады.
Ер адам ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы 1-бөлімі (арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған бөлімде айыпкерге 30 айлық есептік көрсеткіш (79 530 теңге) мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
Пікір қалдыру