Қазақстанда 109-науқастан коронавирус анықталды

/image/2020/03/26/crop-1_98_550x796_95bf4e80-887f-47ed-be3c-604023b9a324.jpg

Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласының 6, Нұр-Сұлтан қаласының 6 тұрғынынан коронавирус анықталғанын хабарлады.

"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Алматы қаласында – 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 61 адам, Алматы қаласында – 40 адам, Қарағанды қаласында – 2, Шымкент қаласында – 2 адам, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам жалпы 109 науқас тіркелді." делінген ақпараттық хабарламада.

Осылайша, 26 наурыз күні ел бойынша 29 науқастан коронавирус анықталып отыр.

Тағы оқыңыз!

♦ Италиядан хат. «Вирус неге тез тарады?»

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар