Кезек Жамбыл облысында. Аудан әкімінің бұрынғы есепшісі 4,4 млн. теңге жымқырғаны үшін сотталды

/uploads/thumbnail/20170708191135886_small.jpg

Алматы. Қамшы порталы – Соңғы кездері Қазақстанның әр аумағында ірілі-ұсақты шенеуніктерді аулау науқаны басталып кеткені туралы осыған дейін де жазған болатынбыз. Ал күні кеше ғана «Қамшы» порталында Айнұр Төлеу «Етіміз үйреніп келе жатыр...» атты материалында  «Ендігі кезек Қазақ хандығының 550 жылдығы өтетін аймақта емес пе? Сол жақтың әкімі қымбат көлік алыпты» деген болатын.

Міне, араға күн салмай жатып Жамбыл облысында аудан әкімінің бұрынғы есепшісі 4,4 миллион теңгені жымқырғаны үшін жауапқа тартылған деген ақпарат тараған.

Т.Рысқұлов ауданының сотында аудан әкімдігі бөлімдері бірінің бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Бұрынғы бас бухгалтер ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бөлімі 176-бабының «б» тармағында (қызмет бабын пайдаланып, өзіне тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу), 1-бөлімінің 314-бабында (қызметтік жалған құжат жасау) көзделген қылмыстар жасағаны үшін айыпталып, сот алдына келді, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

2012-2014 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің әуелі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, одан кейін бас бухгалтері қызметіжде жұмыс жасап, бірнеше рет жалған құжаттармен С.Е. есепшотына банкомат арқылы еңбекақы, іссапар, сыйақы және сауықтыру төлемдерін аударып, бюджет қаражатын ұрлаған. Мемлекет қазынасына келтірілген залал 4 436 932 теңгені құрады.

Бұл әйел айыпты деп танылып, сот үкімімен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сот сондай-ақ оны бес жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

ҚР ҚК 1-бөлімі 74-бабына сәйкес жазаны өтеу үш жылға кейінге қалдырылды. 

Нұрзат Тоғжан

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар