Емхана дәрігері Дастан Рызбай мемлекеттік ауруханаларға мамандардың көмегі қажет болса, кез келген уақытта жәрдемдесуге әзір екенін айтты.
– Дәрігер дегеніңіз дерт тарап жатқан жерге алдымен жететін жауынгер жойғыш топ іспеттес. Еліміз вируспен соғысып жатыр десек, оны жеңу дәрігер қосынымыздың жігеріне, күш-қуатына және жауынгерлік рухына да байланысты. Біз, "Ел аман" жеке емханасының дәрігерлері мемлекеттік ауруханаларға кез келген сәтте көмекке келуге дайынбыз, – деді ол.
Дәрігердің айтуынша, бейнероликті көрген өзге жеке емханалардың мамандары да қажетті жағдай туса, көмекке дайын екенін мәлім еткен.
Пікір қалдыру