Петропавлда 3 полиция пара алғаны үшін жауапқа тартылған

/uploads/thumbnail/20170708191554498_small.jpg

Алматы. «Қамшы» порталы – Жақында Петропавлда пара алып ұсталған  үш полици қызметкері  қызметінен қуылып,  тағы 14 полиция қызметкері ескерту алған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Азаттық.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлерге қатысты шешім облыстық ІІД қадағалау комиссиясының арнайы отырысында жарияланған.

Жұмыстан қуылған полицейдің бірі «100 мың теңге пара алған» деп айыпталған.

Әкімшілік полиция бөлімін басқарған Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Асан Смағұлов қызметінен босатылған.

Нұрзат Тоғжан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар