Әбдіқалықованың орнына Мамраев сайланды

/image/2020/04/01/crop--5_16_287x509_unnamed-2.jpg

Бүгін парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып депутат Бейбіт Мамраев сайланды. 

Мамраевты бұл қызметке мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ұсынған. 

"Бейбіт Баймағамбетұлын жақсы білесіздер, бұған дейін көптеген жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Соңғы бірнеше жыл бойы мәжіліс депутаты, соның ішінде осы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы болып, маңызды заңдарды қабылдауға өз үлесін қосып келеді. Осы салада білімі де, тәжірибесі де мол. Сондықтан аталған комитетті басқару үшін Бейбіт Баймағамбетұлы лайықты деп есептеймін" деді Нығматулин.

Бұған дейін әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы қызметін Гүлшара Әбдіқалықова атқарған. Ол жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалған еді.



Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар