ТМД - да алғашқы рэп-мюзикл режиссері Мирас Төлеуханов «Детектив ДЖони» картинасын 2016 жылдың басында толықметражды фильм етіп түсіруді жоспарлап отыр.
31 шілде күні Алматының «EVENT CITY HALL» концерт холында кинокартинаның тұсауы кесілген бұл аталған фильм 2014 жылы түсірілген болатын. О баста бұл туынды 2015 жылдың наурызында көрерменге жол тарпақ болған, алайда белгілі бір себептермен кейінге шегерілді. Бұл туралы "Қамшы" ақпараттық порталы Bnews.kz сайытына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Фильмді қайта қолына алған рэп-мюзикл режиссері Мирас Төлеуханов: «Фильм көрермендер көңілінен шыққанына қуаныштымын. Олар мұның жаңа бағыт екенін өз көздерімен көріп, ұғынды. Менің ойымша, рэп-мюзикл жаңа үрдіс ретінде қазақстандық кино жанрында фурор туғызады. Келесі жылы «Детектив Джониді» толықметражды етіп түсіргім келеді, оған поп-жұлдыздарды шақырып, керемет мюзикл жасау ойымда бар»,-дейді.
«Детектив Джонни» фильмінде BIG SOM, Sedrik Nemacho, Tanir (Da Gudda Jazz), Kicha, Timon, Piro, Al'Nasr (G-HAD OTBASY), Кай Пики секілді рэп-әртістер түскен. Жаңа бағытта түсірілген бұл фильм алдағы уақытта көрермендерге жол тартпақ.
Гүлден ӘБДІБАҚЫТ
Пікір қалдыру