Түркістан облысында бір жасар бала коронавирус жұқтырды

/image/2020/04/03/crop-0_3_993x1500_covid-19.jpg

Түркістан облысының әкімдігі бүгін тағы да 3 адам коронавирус індетін жұқтырғанын хабарлады. 

Вирус жұқтырған науқастың бірі 1992 жылы туған, Сайрам ауданы Қосбұлақ ауылында дүниеге келген. Оның бұрын Біріккен Араб Әмірліктерінен келген азаматпен байланыста болғаны анықталды.

Коронавирус инфекциясы 1991 жылы туған тағы бір әйелде және 2019 жылы туған балада анықталған. Олар Нұр-Сұлтаннан поезбен келген азаматшамен жақын байланыста болған. 

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмысы жүргізіліп жатыр.

Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 19 адам тіркелген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар