Бүгін, 4 сәуір күні Түркістан облысында бір адам коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабаралды.
Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқарамасының дерегінше, қайтыс болған адам 64 жаста болған. Ол – Жетісай ауданының тұрғыны.
Осылайша елде вирустан көз жұмғандар саны төркет жетті. Бұған дейін Қарағанды және Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола облысында бір-бір адамнан көз жұмған.
Денсаулық сақтау минитрлігі адам өлімінен бөлек, вирус тағы 36 адамнан табылғанын хабарлады.
Соңғы дерек бойынша, елде вирус жұқтырғандар саны 500-ге жетіп отыр:
- Нұр-Сұлтанда – 202 адам
- Алматыда – 109 адам
- Қарағандыда – 26 адам
- Қызылорда облысында – 26 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам
- Түркістан облысында – 23 адам
- Ақмола облысында – 19 адам
- Атырау облысында – 16 адам
- Шымкентте – 12 адам
- Жамбыл облысында – 9 адам
- Алматы облысында – 9 адам
- Ақтөбе облысында – 7 адам
- Шығыс Қазақстан облысында – 4 адам
- Маңғыстау облысында – 3 адам
- Батыс Қазақстан облысы – 2 адам
- Павлодар облысында – 1 адам
- Қостанай облысында – 1 адам.
Пікір қалдыру