Түркістан облысында карантин уақыты созылды

/image/2020/04/04/083702874400.jpeg

Түркістан облысындағы карантин 17 сәуірге дейін созылады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап. 

Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа шығуды қоспағанда, тұрғындардың үйден шығуы шектеледі.

Облысаралық, ауданаралық, қалааралық жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Қоғамдық көлік таңғы сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардың жұмыс уақыты 09:00-ден 20:00-ге дейін, азық-түлік базарлары 10:00-ден 17:00-ге дейін белгіленді.

Қоғамдық тамақтанудың барлық нүктелері онлайн тапсырыстарды жеткізу режимінде таңғы сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмысқа көшеді.

Екінші деңгейлі банктер, жеке нотариустар 10:00 - ден 16:00-ге дейін, ал сұлулық салондары, шеберханалар және ТЖС 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақыты шектеулі.

Пошта бөлімшелерінде, төлем пункттерінде және банктерде 1,5-тен 2 метрге дейінгі қашықтықта бес адамнан артық кезекте тұруға жол берілмейді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар