Қазақстанда коронавирусты тағы 25 адам жұқтырып, бір адам қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандар саны 5-ке жетіп отыр. Вирус анықталғандардың жалпы саны – 525.
Қайтыс болған 1947 жылғы ер адам Ақмола облысы Целиноград ауданының тумасы.
ҚазАқпараттың жазуынша, 1 наурызда науқастың жағдайы нашарлап, тыныс алу, жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі жоғарылап, күретамырлық қысым деңгейінің жоғары болғаны байқалған. Науқас дисциркуляторлық энцефалопатия диагнозымен тіркеуде тұрған.
– 2 сәуірде науқастың биологиялық өлімі тіркеліп, оның денесі сот-медициналық сараптама үшін Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Зерттеу жүргізу кезіндегі секциондық материалда COVID-19 анықталды. Науқас болған жерде эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде, сондай-ақ қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда, – Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілясов.
Қолда бар дерек бойынша елдегі коронавирустық жағдай төмендегідей.
Қазақстан бойынша барлығы 525 жағдай.
Пікір қалдыру