Семейде коронавирус жұқтырған үшінші адам тіркелді. 14 жастағы жеткіншектен коронавирус анықталған. Бұл туралы ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан мәлімдеді.
"Ол - 2006 жылы туған. Оған антибактериялық емдеу тағайындалды. COVID-19 анықтау тесті тапсырылды және оң нәтиже көрсетті", - деді Ілияс Мұхамеджан.
Науқастың ата-анасы баланың 13 наурыздан бастап үйден шықпағанын айтқан.
Пікір қалдыру