5 сәуір күні Шымкентте коронавирустан бір адам қайтыс болды. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ведомствоның дерегінше, марқұм 1964 жылы туған.
Қазақстанда осылайша корнавирустан қайтыс болғандар саны 6 адамға жетті. Бұған дейін 26 наурызда Ақмола облысыда 64 жастағы әйел адам көз жұмды. Кейін 31 наурызда Нұр-Сұлтанда бір адам, 1 сәуірде Қарағандыда бір адам қайтыс болды. Ал кеше, 4 сәуірде Түркістан және Ақмола облысында екі адам көз жұмды.
Соңғы дерек бойынша, елде вирус жұқтырғандар 569 адамға жетті. Індеттеің елдегі бар аймаққа тарады. Ең көп жұқтырғандар Нұр-Сұлтан және Алматыда:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 219
- Алматы қаласы – 115
- Қызылорда облысы – 31
- Қарағанды облысы – 31
- Түркістан облысы – 29
- Жамбыл облысы – 28
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25
- Атырау облысы – 23
- Ақмола облысы – 23
- Шымкент қаласы – 13
- Ақтөбе облысы – 10
- Алматы облысы – 10
- Шығыс Қазақстан облысы – 5
- Маңғыстау облысы – 3
- Батыс Қазақстан облысы – 2
- Қостанай облысы – 1
- Павлодар облысы – 1
Пікір қалдыру