Шотландияның денсаулық сақтау министрі Кэтрин Кэлдервуд коронавирустың алдын алу мақсатында енгізілген төтенше жағдай ережесін бұзғаны үшін отставкаға кетті. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Жерлестеріне үйде қалуға кеңес берген министр төтенше жағдай кезінде өзінің қала сыртындағы үйіне демалуға барған. Мұны The Scottish Sun басылымының журналистері суретке түсіріп, жариялаған. Біраз уақыттан соң министрдің 2 рет төтенше жағдай ережесін бұзғаны анықталды.
"Үлкен өкінішпен отставкаға кетіп барам. Жасаған әрекетім үшін қатты өкінем. Өзгелерге берген кеңесіме өзім құлақ аспадым", - деді Кэтрин Кэлдервуд.
Пікір қалдыру