Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб бұрын қабылданған құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Атап айтқанда, Алматы қаласындағы блок-бекеттер арқылы кіру/шығуына рұқсат етілген тұлғалар тізіміне өзгерістер енгізілді.
ҚР-ның өзге аймақтарының құқық қорғау және арнайы органдарының (ҰҚКД, Прокуратура, ЭТД, МКД, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі, ЖКҰБ, ҚР МҚК, ЖП, Ұлттық гвардия, ҚМ, ТЖД) қызметтік қажеттілікке орай Алматы қаласына кіру және шығу үшін, аймақтық органның бірінші басшысының қолы қойылған қағаз жүзінде рұқсаты болуы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес шектеулердің қолданылуы 6 сәуір күні сағат 00.00-ден 2020 жылғы 13 сәуірге дейін ұзартылды.
Пікір қалдыру