Коронавирус жұқтырған адамдармен жұмыс істеген 67 медицина қызметкерінен індет табылды

/image/2020/04/07/crop-36_7_310x551_thumbnail-tw-20200221184613-8121.jpg

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде 120 медицина қызметкерінен корнавирус табылған. Олардың 67-і коронавирус індетін жұқтырған немесе ауру белгілері бар адамдармен жұмыс істеген.  Бұл көрсеткіш елдегі індет табылған адамдардың 10%-на тең. 

Министрлік таратқан ақпаратқа қарғанда, коронавирустан Нұр-Сұлтан және Алматы қаласындағы дәрігерлер қатты зардап шегіп отыр. Ел астанасында 31 медицина қызметкерінен індет табылған. Ал Алматыда вирус жұқтырған 119 науқастың 21-і медицина қызметкері.  Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысында 6 дәрігерден, Қарғанды облысында 4 дәрігерден, Атырау облысында 2 дәрігерден, Ақмола, Қызылорда және Түркістан облысының әрқайсында бір-бір дәрігерден корнавирус анықталған. 

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, коронавирус індетін жұқтырған немесе ауру белгілері бар адамдармен жұмыс істеген бір медицина қызметкерінің жағдайы – ауыр, тоғызының жағдайы – орташа. Ал қалған 57 дәрігердің жағдайы – қанағаттанарлық. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев корнавируспен күресіп жатқан дәрігерлерге  үстеме ақы берілетінін айтқан. Медицина қызметкеріне коронавирус инфекциясы жұққан жағдайда 2 млн теңге көлемінде сақтандыру төлем беріледі. Қайтыс болған жағдайда отбасына 10 млн теңге беріледі.

Соңғы ақпарат бойынша, Қазақстанда 685 адамнан коронавирус табылған. Алты адам вирустан көз жұмып, 50 адам жазылып шықты. 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар