"3,5 мыңнан астам қызметкер коронавируспен күресте еңбек етіп жүр"

/image/2020/04/10/crop-341_217_327x436_2020-04-10_18-03-22.png

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау саласында 3,5 мыңнан астам қызметкердің коронавируспен күресте еңбек етіп жүргенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

– Дәрігерлер, медбикелер, санитарлар мен фельдшерлер өз денсаулығына төнер қауіпке қарамастан, індеттің бүкіл қалаға таралып кетпеуін қадағалауда. Бұл күндері медқызметкерлерді қолдау мақсатында олардың жалақысына үстеме ақы төлеу басталды. Бұл шешімді Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік комиссия қабылдаған еді, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша мұндай көмекті үш тәуекел тобына жатқызылған медицина қызметкерлері алуға құқылы.

– Атап айтқанда, реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлері; провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем; карантиндік стационарлар, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және басқалар. Төлемдер әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – деп жазды желідегі парақшасында.

Сонымен қатар Б. Сағынтаев ғаламат еңбек пен жанқиярлық ерліктері үшін ақ халаттағы абзал жандарға ризашылық білдірді. 

–  Жұмыста қалып, Сіздер, яки ақ халаттағы абзал жандар, балаларыңызбен туған-туыстарыңызды көрмейсіздер. Күш-жігер мен шыдамдылық серік болсын. Қала Сіздерді қолдайды, – деп алғыс айтты.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

10.04.2020 Бүгінде Алматыда денсаулық сақтау саласының 3,5 мыңнан астам қызметкері коронавируспен күресте алдыңғы шепте еңбек етіп жүр. Дәрігерлер, медбикелер, санитарлар мен фельдшерлер өз денсаулығына төнер қауіпке қарамастан, індеттің бүкіл қалаға таралып кетпеуін қадағалауда. Бұл күндері медқызметкерлерді қолдау мақсатында олардың жалақысына үстеме ақы төлеу басталды. Бұл шешімді Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік комиссия қабылдаған еді. Мұндай көмекті үш тәуекел тобына жатқызылған медицина қызметкерлері алуға құқылы. Атап айтқанда, реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлері; провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем; карантиндік стационарлар, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және басқалар. Төлемдер әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ғаламат еңбек пен жанқиярлық ерліктеріңіз үшін ризашылық білдіремін. Жұмыста қалып, Сіздер, яки ақ халаттағы абзал жандар, балаларыңызбен туған-туыстарыңызды көрмейсіздер. Күш-жігер мен шыдамдылық серік болсын. Қала Сіздерді қолдайды! —— Более 3,5 тысяч работников сферы здравоохранения Алматы находятся сегодня на передовой борьбы с коронавирусом. Врачи, медсестры, санитары, фельдшеры рискуют собственным здоровьем, не допуская расползания инфекции по всему городу. Для того чтобы поддержать медиков, в эти дни начались выплаты надбавок к заработной плате. Решение об этом было принято Госкомиссией по поручению Главы государства. Право на получение помощи имеют медработники, отнесенные к трем группам риска. Это врачи, средние и младшие медработники инфекционных стационаров, включая отделения реанимации; провизорных стационаров и скорой помощи; карантинных стационаров, санитарные врачи, водители скорой помощи и другие. Выплаты осуществляются поэтапно из Фонда социального медицинского страхования. Благодарю вас за титанический труд и самопожертвование. Оставаясь на работе, вы, люди в белых халатах, не видите своих детей и родных. Сил вам и выдержки. Город поддерживает вас! #AlmatyBirgemiz

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар