Алматыдағы орталық аурухананың екі бөлімі карантинге жабылды

/image/2020/04/11/crop-26_7_524x931_248592.jpg

Қызметкерлерінен коронавирус табылған Алматыдағы №12 қалалық орталық клиникалық аурухананың қабылдау бөлмесі мен бір бөлімшесі карантинге жабылды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қабылдау бөлімі мен дезөңдеуге арналған бір бөлімше жабылды. Жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған барлық адамдар, соның ішінде жұқтырғандармен жақын байланыста болған пациенттер бақылауға алынды. Карантин кезеңі 14 күнге жалғасатындықтан, олардың барлық жақындарын осы аралықта тексереді" делінген басқарма хабарламада.

Бүгін Алматыдағы №12 қалалық орталық клиникалық аурухананың 12 қызметкерінен коронавирус табылған. Олардың арасында екі дәрігер және 10 медбике бар.

13 наурыздан бері Алматыда 137 адамнан вирус табылған. Олардың 37-і жазылып шықты. Екі адам вирустан көз жұмды.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 859 адам коронавирус жұқтырған. Олардың 79-ы індеттен жазылып шықты, 10 адам көз жұмды. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар