Алматыда коронавирустан 9 науқас жазылып шықты

/image/2020/04/13/crop-37_28_463x854_tass_38186839.jpg

Бүгінде коронавирустық инфекциядан 9 науқас толық сауығып, стационардан шығарылды. Оның 5-еуі әйел, 1-еуі ер адам және кәмелетке толмаған 3 қыз бала – екеуі 16 жаста, біреуі 17 жасар қыз бала.

– Олардың төртеуі 27 наурызда Санкт-Петербургтен, екеуі 24 наурыз күні Дубай және Мәскеуден, біреуі 20 наурызда Ыстамбұл – Тбилиси – Алматы чартерлік рейсімен ұшып келген. Соның екеуі инфекция жұқтырған адаммен байланыста болған, – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Науқастарды емдеу мерзімі орта есеппен 16-18 күнге созылды. Бүгінде олар 14 күндік үй карантиніне шығарылды.

Бүгінгі күні мегаполисте коронавирустық инфекциядан емделіп шыққан адамдардың саны 37-ге жетті.

Қазіргі уақытта Алматыдағы инфекциялық стационарда қауіпті індеті айқын 99 адам емделуде. Соның ішінде Алматы облысынан бір науқас бар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар