Қаладағы дәріхана ұйымдары өз қызметкерлерін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді

/image/2020/04/13/crop-82_14_420x560_10-04-apteka.jpg

Қаладағы дәріхана ұйымдары өз қызметкерлерін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифинг кезінде Қазақстан Республикасы Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Марина Дурманова айтты.

Онлайн брифинг кезінде қауымдастық президенті COVID-19 инфекциясы фармацевттер арасында тіркелмегенін атап өтті. Өйткені, әр дәріхана ұйымы өз қызметкерлерін барлық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді деді.

– Дәрігерлер сияқты фармацевттер де қауіп-қатердің басында жүр. Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігерінің дәріханалық ұйымдардағы фармацевттерді қорғау жөніндегі қаулысына сәйкес, арнайы талаптар – қолғаптар, бас киімдер және бетперде болуы тиіс. Әр дәріхана ұйымы өз қызметкерлерін барлық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етеді, сонымен қатар дәріханалардың іші мен сырты, кіре беріс төсеніштеріне дейін өңделеді, – деді Марина Дурманова.

Айта кетейік, карантин енгізілгелі бері аталған қауымдастық пен қала әкімдігі бірлесіп, қалада тапшылық болмас үшін барлық медициналық керек-жарақтардың үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуде.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар