Қазақстанда бір мезетте 112 адамнан вирус табылып, науқастар саны мыңнан асты

/image/2020/04/13/crop-33_3_505x898_8qmboqis.jpg

Қазақстанда бірден 112 адамнан коронавирус анықталып, вирус жұқтырғандар саны 1091 адамға жетті.  Бұл ақпаратты 14 сәуір сағат 23.40-та Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ведомство таратқан хабарламаға қарғанда, соңғы сағатта Алматыда 99 адамнан, Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысының әрқайсынанда үш адамнан, Ақмола облысы мен Батыс Қазақстан облысының әрқайсында екі адамнан, Қарағанды, Алматы, Түркістан облысының әрқайсында бір адамнан вирус табылған.

Соңғы мәлімет бойынша, Алматы вирус жұқтырғандар жөнінін бірінші орынға шықты. Бұған дейін Қазақстанда індет ең көп Нұр-Сұлтан қаласында анықталған. 

  • Алматы қаласы – 271
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 260
  • Қызылорда облысы – 119
  • Қарағанды облысы – 77
  • Ақмола облысы – 73
  • Атырау облысы – 62
  • Жамбыл облысы – 46
  • Түркістан облысы – 44
  • Шымкент қаласы – 38
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 26
  • Алматы облысы – 22
  • Ақтөбе облысы – 11
  • Батыс Қазақстан облысы – 11
  • Маңғыстау облысы – 10
  • Павлодар облысы – 10
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8
  • Қостанай облысы – 3.

Қазақстанға коронавирус 13 наурызда жетті. Қазіргі уақытқа дейін індет жұқтырған 1091 адамның 138-і жазылып шықты. 12 адам коронавирустан көз жұмды. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар