Қазақстанда төтенше жағдай мерзімі тағы да ұзартылды

/image/2020/03/19/crop-7_7_272x484_crop-13_140_697x1239_135449909700.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдай мерзімін  1 мамырға  дейін ұзартуға қаулы етті. Бұл туралы бүгін, 14 сәуірде Ақорда сайты хабарлады. 

Ақорда сайты жариялаған президент қалулысында "Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылдың 1 мамырындағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын" делінген.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 16 наурыздан бері төтенше жағдай. Алғашында  төтенше жағдай  бір айға, яғни, 15 сәуірге дейін белгіленеген. Кейін, 10 сәуірде президент Тоқаев төтенше жағдай режимін сәуірдің соңына дейін созған болатын.

Төтенше жағдайдан бөлек, елдегі кейбір қалалар мен облыстар карантинге жабылды. 

Соңғы ақпарт бойынша, елде 13 наурыздан бері 1179 адам коронавирус жұқтырған. Осы уақытқа дейін олардың 150-і індеттен жазылып шықты, 14 адам көз жұмды. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар