Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн баспасөз маслихатында карантин кезінде кімдерге ораза ұстамаса болатынын мәлімдеді.
– Шариғат бойынша балиғатқа толған, ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылманға Рамазан айында ораза ұстау – парыз. Алайда, жолаушыларға, сырқаттанған немесе денсаулығы нашар адамдар ауруының асқынуынан қауіптенсе және сенімді дәрігер ұзақ уақыт бойы ашығудан денсаулығы күрт нашарлап кетуі мүмкін деген шешім қабылдаса, сондай-ақ жүкті немесе омырауда баласы бар әйелдерге ораза тұтуды кейінге қалдыруға шариғат рұқсат береді, – деді ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.
Пікір қалдыру