Алматы қаласының әкімі медицина ұйымдарының бас дәрігерлерімен онлайн кездесу өткізді

/image/2020/04/14/crop-83_54_388x518_2020-04-14_21-31-14.png

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев медицина ұйымдарының бас дәрігерлерімен кездесті. Бұл турала желідегі парақшасында жариялады. 

– Бүгін қаланың барлық 74 медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерімен «кездестім». Негізгі мәселе – еңбек жағдайының қауіпсіздігі және дәрігерлердің жұмыс орнында жұқтыру қаупіне жол бермеу. Әрбір ауруханада жүйелі санитарлық-эпидемиологиялық жұмысты құру бойынша міндеттер қойдым. Жедел қызметтер мен қабылдау бөлмелеріндегі санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басымдық берілу керек, – деп жазды қала әкімі.

Сонымен қатар ол бас дәрігерлерге қауіпті індетпен күреске жұмылдырылған қызметкерлерді қорғау үшін тұрақты тексерулерді жүргізіп отыруын және жеке қорғану құралдары туралы хаттама талаптарынының сақталуына медициналық ұйымдардың басшылары дербес жауапты болатынын атап өтті.

– Медициналық корпусты басқару мен оны үйлестірудің маңызды тетігі – бас дәрігерлер. Еңбек қауіпсіздігі, үстемақылар мен өтемақылар төлеу сияқты негізгі мәселелер бойынша дәрігерлік ұжымдармен тұрақты диалог орнату қажет. Қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер, сіздерді бүкіл қала қолдайды, – деді Бақытжан Сағынтаев. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

14.04.2020 Бүгін қаланың барлық 74 медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерімен «кездестім». Негізгі мәселе — еңбек жағдайының қауіпсіздігі және дәрігерлердің жұмыс орнында жұқтыру қаупіне жол бермеу. Әрбір ауруханада жүйелі санитарлық-эпидемиологиялық жұмысты құру бойынша міндеттер қойдым. Жедел қызметтер мен қабылдау бөлмелеріндегі санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге басымдық берілу керек. Бас дәрігерлерге қауіпті індетпен күреске жұмылдырылған қызметкерлерді қорғау үшін тұрақты тексерулерді жүргізіп отыруын тапсырдым. Жеке қорғану құралдары туралы хаттама талаптарынының сақталуына медициналық ұйымдардың басшылары дербес жауапты болады. Медициналық корпусты басқару мен оны үйлестірудің маңызды тетігі — бас дәрігерлер. Еңбек қауіпсіздігі, үстемақылар мен өтемақылар төлеу сияқты негізгі мәселелер бойынша дәрігерлік ұжымдармен тұрақты диалог орнату қажет. Қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер, сіздерді бүкіл қала қолдайды. —— Сегодня встретился с главврачами всех 74 медорганизаций города. Принципиальный вопрос — безопасность условий труда и недопущение угрозы заражения врачей на рабочем месте. Поставил задачи по выстраиванию системной санитарно-эпидемиологической работы в каждой больнице. Особый акцент — на обеспечении санитарной безопасности в экстренных службах и приемных покоях. Поручил главврачам обеспечить постоянную проверку условий защиты персонала, задействованного в борьбе с коронавирусной инфекцией. Персональную ответственность за соблюдение требований протоколов средств индивидуальной защиты будут нести руководители медорганизаций. Главные врачи — важное звено управления и координации медицинским корпусом. Требуется постоянный диалог с медработниками по таким ключевым вопросам, как безопасность труда, выплаты надбавок и компенсаций. Врачи — на самой передовой линии борьбы с коронавирусом. Весь город поддерживает вас! #AlmatyBirgemiz!

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар