Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров мегаполистегі зертханалар жұмысының нәтижелігін атап өтті.
Елдегі төтенше жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың тапсырмасы бойынша бүкіл ел аумағында мониторингтік топтар жұмыс істейді. Мониторингтің мақсаты – мемлекеттік Бас санитарлық дәрігерінің тапсырмаларының медициналық ұйымдарда орындалуын бағалау және бақылау.
Атап айтқанда, COVID-19-ға қарсы күрес бойынша алдын алу шараларын сақтауда қала ішіндегі науқастар легін бөлу алгоритмі; медициналық ұйым ішінде науқастар легін бөлу алгоритмі; жеке қорғану құралдарын пайдалану және оны жою ережесі, сондай-ақ маңызды шаралардың міндетті түрде орындалуын сақтау.
– Бүгінгі таңда ел аумағында 5-6 мыңға жуық тест жүргізіледі. Осы орайда Алматы қаласындағы зертханалық қызметтің жұмысын ерекше атап өткім келеді. Қазіргі таңда олардың қызметін үлгі тұтарлық десек болады. Алматыда мыңға жуық тесттер жүргізіледі. Бұл – зертхананың жұмысына және осы шараға қатысатын медицина қызметкерлеріне ауыр жүктеме, – деді Қ. Надыров.
Пікір қалдыру