Алматыда коронавирус індетін жұқтырған 23 жағдай анықталды

/image/2020/04/16/crop-358_21_1400x1866_tu846etf2xos4szfnv84ixtcksybjnzt2akdgisn-scaled.jpeg

Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтыру​дың жаңа 23 жағдайы тіркелді. Олардың ішінде Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 1 медицина қызметкері, қалған 22 адам індет жұқтырған адаммен байланыста болғандар.

Сонда, жалпы қала бойынша COVID-19 инфекциясына шалдыққан 393 науқас тіркелді, оның ішінде 6 бала және​ 4 жүкті әйел.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, кеше коронавирустық инфекция жұқтырған тағы бір пациент көз жұмды.

– 1960 жылы туылған пациент 8 сәуірден бастап жүрек-өкпе жеткіліксіздігі, кахексиясына (ағзаның тозуы) байланысты ауыр халде Орталық қалалық клиникалық ауруханасының провизорлық бөлімшесінде емдеуде болды. Алынған талдаулары оң нәтиже көрсетті, – деп хабарлады Басқарма.

Сонымен қатар, кеше Covid-19-дан тағы үш пациент сауығып шықты. Олардың барлығы бұған дейін вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғандар, олардың ішінде 2009 жылғы бала бар.

Бүгінгі күні емдеуден шығарылған адамдардың саны 61 адамды құрайды.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда Алматы облысынан бір әйел адамды есепке алғанда Covid-19-дан 330 пациент емделуде.

Провизорлық госпитальдарда​ 368 адам, оның ішінде​ 7-уі​ бала, карантиндік оқшаулауда​ —​ 426, үй карантинінде​ — 7288 адам.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар