Денсаулық сақтау министрлігі елде тағы 68 адамның індет жұқтырғанын, вирус анықталған науқастар саны 1470-ке жеткенін мәлім етті.
Науқастар саны жөнінен Алматы қаласы алда келеді. Онда 461 адамнан вирус анықталған. Одан кейін жайғасқан елордада 328 адам тіркелген.
Өзге аймақтардағы жағдай төмендегідей.
Қызылорда облысында – 143 адам, Ақмола облысында – 81 адам, Атырау облысында – 72 адам, Түркістан облысында – 55 адам, Жамбыл облысында – 53 адам, Шымкент қаласында – 46 адам, Батыс Қазақстан облысында – 30 адам, Алматы облысында – 29 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 29 адам, Павлодар облысында – 15 адам, Ақтөбе облысында – 14 адам, Маңғыстау облысында – 12 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Қостанай облысында – 7 адам.
Бүгінге дейін 285 адам аурудан айықса, 17 адам қайтыс болды.
Әлем бойынша вирусты жұқтырғандар 2 млн 182 мыңнан асты. Оның 146 мыңға жуығы қайтыс болса, 547 мыңы жазылып шыққан.
Пікір қалдыру