Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қалада коронавирусқа шалдыққандардың ішінде ҰҚК шекара қызметі шекара училищесінің 54 курсанты барын мәлім етті.
Оның сөзінше, бастапқыда 14 курсанттан вирус анықталған. Артынша олардың саны 54-ке жеткен.
Індетке шалдыққан курсанттардың барлығы инфекциялық ауруханаға жатқызылған. Жағдайлары қанағаттанарлық.
Сондай-ақ қала бойынша Соvid-19 індетін жұқтырған медициналық қызметкерлердің жалпы саны 234-ке жеткен. Олардың арасында қалалық орталық аурухананың 193 медициналық-санитарлық қызметкері, қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының 31, №7 Қалалық клиникалық аурухананың 2 қызметкері, жедел медициналық жәрдемнің 3 қызметкері, №12 қалалық емхананың 3 қызметкері, №11 және №32 қалалық емханалардың бір-бір қызметкері бар.
Пікір қалдыру