Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшаларының азайғанын байқаған

/image/2020/04/18/crop-0_5_1123x2000_6-4.jpg

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар зейнетақы қорындағы ақшаларының азайып қалғанын жазып шағымдануда. Шағым білдірушілердің қатарында Еуразиялық интеграция институтының сарапшысы Бауыржан Серікбаев та бар. 

–  Сәуірдің 6 күні зейнетақы қорымда 1 732 046 теңге болған. Бүгін тексерсем 1 716 038 теңге қалған. 16 мың теңге қайда?.. Неге азайып жатыр? Халайық, сіздерде солай ма?.., – деп жазды желідегі парақшасында. 

Желі қолданушысы жазбасының астына пікір қалдырған өзге қолданушылар да зейнетақы қорындағы қаражаттың азайғанын естігенін жазуда.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар