«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ салымшылардың жинақ шотындағы қаражаттың «азаюына» қатысты пікір білдірді.
БЖЗҚ өкілдері соңғы күндері бізге – «Менің жинақтарымның сомасы неге азайып кетті?» – деген сауалдар көп қойылатынын айтты.
"Жарналар ешқашан азаймайды, олардың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Жарналардың 3 түрі бар:
- міндетті зейнетақы жарналары (табыстың 10% )
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (табыстың 5%, оны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына төлейді)
- ерікті зейнетақы жарналарын адам өз еркімен төлейді (ол кез келген сомада болады және төлеу кезеңділігін де өзі таңдайды)
⠀
Инвестициялық кіріс – зейнетақы жинақтары қаражатын инвестициялау нәтижесінде алынған табыс. Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады.
⠀
Зейнетақы жинақтары әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, шетелдік валюталар және т.б.) инвестицияланады, олардың құны әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс ұлғайып, азаюы мүмкін.
⠀
Инвестициялық табыс күн сайын есептелетін болғандықтан, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы да өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс төмен болған кезде, зейнетақы жинақтарының сомасы азаяды, инвестициялық табыс жақсы болған кезде – зейнетақы жинағы да ұлғаятын болады.
⠀
Инвестициялау табыстылығын бірнеше күн сияқты аз уақыт емес, бір жыл тәрізді ұзағырақ уақыт үшін қарау керек екенін түсіну маңызды.
⠀
Жыл басынан бергі инвестициялық қызметтің нәтижелері оң үрдісті көрсетіп отыр - салымшылардың шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелген. Ал бұл жыл басындағы көрсеткіштен 6% -ға және соңғы 12 айдағы табыстан 12% - ға жуық мөлшерге артық.
⠀
Құрметті салымшылар! «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сай сіздердің жинақтарыңыз тек сіздердің меншіктеріңіз болып есептеледі!", - делінген БЖЗҚ хабарламасында.
Пікір қалдыру