"42 500 теңгелік жәрдемақы үйде отырған жандарға үлкен көмек болды"

/image/2020/04/18/crop-101_12_693x923_1573121313_12.jpg

42 500 теңгелік жәрдемақыны алған алматылық Айсара Жүсіпбекова үкіметке  мұндай қамқорлығы үшін дән риза. Бұл туралы almaty-akshamy.kz мәлімдеді.

– Үкімет тарапынан көрсетіліп жатқан 42500 теңге қолдауға шын ниеттіммен қуандым. Алғашында қалай болар екен деп күмәнданғаным да рас еді. Отбасында өзім де, жолдасым да жұмыссыз отырмыз. Кезінде жұмыс істегенмін, біраз уақыттан бері денсаулығыма байланысты үй шаруашылығымен ғана айналысып отырмын. Жолдасым көлік жүргізуші болып, шәй пұл тауып келетін. Мынадай жағдайда үйде отырған жандарға бұл үлкен көмек болды. Мұндай көмек көрсетілмесе қайтар едік? Өзімнің атымнан, отбасымның атынан шын жүректен алғысымды білдіремін. Жақсы күндерге жетейік, – деді Айсара Жүсіпбекова.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар