"Әрбір адам біз сияқты қуанған шығар"

/image/2020/04/18/crop-68_13_474x632_35b2fe3cd28d48f04a822e837d25bec6.jpg

Ел үкіметі төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарды қолдау мақсатында 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік жәрдемақы тағайындаған болатын. Аталған әлеуметтік көмекті алғандар арасында Алматы қаласының тұрғыны Серік Әуелбеков те бар. Бұл туралы almaty-akshamy.kz мәлімдеді. 

– «Шаңырақ» ықшамауданында тұрамын. Тіркеуім болса Талғар ауданында. Карантинге дейін қалада жұмыс істеп жүріп, шығып кеттім. Басқа жұмысқа кірмекші болып іздеп жүргенде карантин басталып кетті де, уақытша үйде отырып қалдым. Жаңалықтардан мен сияқты уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға Үкімет жәрдемақы бергелі жатыр дегенді естіп, мен де өтініш жазып жібердім. Бірден жауап келіп, ақша түсті. Отбасылы адамдар үшін ең алдымен баланың қамын ойлайсың. Екі қызым бар. Солардың несібесі ғой, бір жағы. Көңіліміз көтеріліп қалды. 42 500 теңге алған әрбір адамда біз сияқты қуанған шығар. Аман-есен осы карантиннен шықсақ, екі қолға бір күрек табылып қалар. Осындай қиын шақта елдің амандығы мен саулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ел азаматтары мен дәрігерлерге күш-қуат берсін! Халқымыз аман болсын, – деді С. Әуелбеков.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар